Январь 2015

Электронды ақша

Интернеттің дамуымен бірге электронды ақшаны қолдану аясы да жыл санап кеңіп, осындай ақшаны пайдаланушылар саны артып келеді. Электронды ақша дегеніміз не?
Электронды ақшаның кәдімгі күнделікті пайдаланатын ақшадан еш айырмашылығы жоқ. Бар айырмашылығы оны қолмен ұстап, қалтаңызға сала алмайсыз. Бірақ та электронда ақшаға қалаған затыңызды сатып алуыңызға, түрлі қызметтер үшін есеп айырысуыңызға, бір сөзбен айтқанда кәдімгі ақша сияқты пайдалануыңызға әбден болады.

Электронды ақшаның артықшылықтары.

Электронды ақша тек қана интернет желісінде қолданылады. Бүгінде әлімнің алдыңғы қатарлы елдері өз бизнестерін біртіндеп интернетке енгізіп жатыр. Мәселен, әлемдегі ең ірі корпорация саналатын валютамен сауда жасайтын Форехтің бір күнгі ақша айналымы 5 триллион долларды құрайды екен. Ал осы корпорацияның қызметін пайдаланушылардың 98 пайызы интернет кәсіпкерлер, яғни аталмыш корпорацияның жұмысы түгелге жуық интернет арқылы жүргізіледі.

Жыл өткен сайын интернет дүкендердің саны қаулап өсіп келеді. Сіз өзіңіз қалаған затыңызды еш Прочитать остальную часть записи »

Тәуекел

Адамның бойындағы ең күшті қасиеттерінің бірі – тәуекел. Ол екінің бірінің бойынан кездесе қоймайды. Адамдардың басым көпшілігі тәуекелге барудан қорқып, «құдай салды, біз көндік» деген ұстаныммен өмірлерін өткізеді. Тәуекелге бару адамның ойына алған мақсат биіктеріне жетуіне жол ашады. Яғни, табысқа жетудің бір кілті – тәуекел.

Тәуекел түбі қайық – мінерсің де өтерсің.

Егер айналамызға назар аударып қарайтын болсақ, біздің өміріміз басынан аяғына дейін түгелдей тәуекелге негізделгендігін бағамдар едік. Біз қандай істі қолымызға алмайық, белгілі дәрежеде тәуекелге баруымызға тура келеді. Ол ісіміздің сәтті, не сәтсіз аяқталуы көп жайларға байланысты болады. Әрине, кез келген адам қолына алған ісінің сәтті болуын қалайтыны белгілі. Дегенмен де, біздің еркімізге бағынбайтын түрлі себептер ойымызға алған шаруамыздың дұрыс іске асуы немесе сәтсіздікке ұшырауымызды анықтайды.

Тәуекелге бару адамды биік жетістіктерге жеткізетін істерге құлшындырып, соны қолға алуға Прочитать остальную часть записи »

Өзін өзі жетілдіру

Адам ағаш сияқты. Ағашты суарып, күтіп отырса мәуелеп өсіп, жеміс беретіні сияқты адам да өзін өзі жетілдіріп, биіктерге ұмтылса, алдына нақты мақсат қойып, соған жетуге талпынса ғана дамиды.
Менің бір жолдасым 12 жыл салған үйін таяуда бітірді. Алғашында ол екі бөлмеден тұратын уақытша баспана болған. Содан кейін жертөлесі бар 1,5 деңгейлі үш бөлмелі үйге айналдырды. Кейінірек айналасындағы жұрттың 2-3 қабатты коттедж салып жатқанын көрген ол үйін 3 қабатты сәулетті коттедж етіп қайта салды.

Мен анда-санда жолым түсіп барғанымда оның үйін қалай салып жатқанын көріп жүрдім. Қазір көркі көз тартар үш қабатты салтанатты сарайдай үйінде үйленген үлкен ұлымен, кенже ұлымен бірге тұрып жатыр.

Және ол бірнеше бөлмелерін жалға беріп, жақсы ақша табады. Ал досымның көршісі сатып алған үйіне осы кезге дейін тіпті жөндеу де жүргізбеген. Алғашында досымның уақытша баспанасының қасында хан сарайындай көрінетін оның бір қабатты үйі қазір үш қабатты коттедждің жанында жапырайған лашық сияқтанып қалыпты.

Өзін өзі жетілдіру өздігінен келмейді.

Бүгінде мектепте, тіпті бала бақшада өзін өзі жетілдіру сабақтары жүргізіледі. Неге десеңіз, адам өмірінде өзін өзі жетілдірудің маңызы өте зор. Жоғарыда мысал ретінде келтірген досымның Прочитать остальную часть записи »

Интернет арқылы ақша табуға бола ма?

Бүгінгі күні Қазақстанда интернет желісін пайдаланушылар саны 8 миллионнан асыпты. Қазір интернет қалада да, ауылда да кең қолданылады. Электронды үкімет бағдарламасы шеңберінде барлық мемлекеттік органдар өз саиттарын ашып, интернет желісін кең пайдаланатын болды. Жеке азаматтар қатарында да өз сайтын ашып алушылар саны жыл санап өсіп келеді.
Интернетті пайдаланушылар саны жыл санап еселеп артқанына қарамастан, бізде көп адамдар интернетті тек қызықты ақпараттар алуға қажетті құрал ретінде ғана санайды. Ал сол интернет арқылы қомақты табыс табуға болатындығын, тіпті интернет-бизнес деген жаңа кәсіпкерлік саласының қазір әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде кең дамып отырғандығын екінің бірі біле қоймайды.

Интернет арқылы табыс табудың сенімді жолы – сайт.

Сайт арқылы жақсы табыс табуға болады. Ол үшін сіздің саитыңызды пайдаланушылар саны жоғары болуы қажет. Ал оқырмандарды тарту үшін сайтыңызда қызықты материалдар мен пайдалы ақпараттар көп болуы шарт.

Сайт ашу үшін не қажет? Өз сайтыңыз немесе блогыңызды ашу үшін оншалықты көп қаражат та, компьютердің құлағында ойнайтындай терең білім де қажет емес. Бұрын сайтты тек компьютерлік Прочитать остальную часть записи »

Рухани білім адамға не береді?

Мына фәни дүниеде кәдемізге жарайтын, бізді күнкөрістік табыспен қаматмасыз етіп, тірлігімізге қажетті нәрселерді жүзеге асыруымызға игі ықпалын тигізетін материалдық ғылымның керектігі көрініп тұрған шындық. Ал рухани ілім бізге не беретіндігін екінің бірі онша түйсіне қоймайды және оған жете мән де бермейді.
Шындығында, рухани білім, яғни дін ілімі біздің мәңгілік өмірдегі орнымызды табуымызға көмегін тигізбек. Біз ары кетсе, мына фәни жалғанда 70-80, тіпті 100 жыл жасайық, бәрібір ажалдан қашып құтыла алмаймыз. Ал ажалдан кейін біздің мәңгілік өміріміз басталады. Ол өмір қандай болмақ, онда бізді не күтіп тұруы мүмкін? Рухани ілім бізге осы маңызы зор мәселені түйсінуімізге көмектеседі.

Адамның екі түрлі табиғаты.

Мына фәни дүниені ведалық ілімде «екіұдай әлем» (двоиственный мир) деп атайды. Екіұдай болатын себебі, адамның бойында екі түрлі қуат бар: материалдық қуат және рухани қуат. Материалдық қуат көзге көрініп тұрған тәніміз және көзге көрінбейтін сезім, ақыл, зерде, түйсік сияқты нәзік тәніміз. Ал рухани қуат: көзге көрінбейтін және ешқандай материалдық құрал арқылы анықтауға болмайтын мәңгілік жан (рух).

Бір-біріне қарама-қайшы және табиғаты жағынан еш қабыспайтын осы екі қуат адамның бойында үстемдікке таласып, үнемі тартыста болады. Өзін тәнмін деп санайтын пенде материалдық қуаттың Прочитать остальную часть записи »

Дені саудың – жаны сау

«Бірінші байлық – денсаулық» дейді қазақ. Сол басты байлық – денсаулықты сақтау әрбір адамның өз қолында екендігін өкінішке орай көпшілігіміз түйсіне бермейміз. 20 жас адамның ең күш-қуаты толысып шарықтаған сәті. Біз ол кезде денсаулық жайын мүлдем қаперімізге алмаймыз.
Өмір осылай бола беретіндей көріп, нәпсіміз қалаған нәрсені жасап жататынымыз жасырын емес. Дәл сол кезеңде қыз-жігіттер арақ ішіп, темекі тартып, сезімнің ырқына емін-еркін берілмек. Мұның бәрі де өз кезегінде денсаулығымызды нашарлатып, бойымыздағы қуатымызды азайтатынын қаперімізге ала қоймаймыз.

Қартаю 35 жастан басталады

Уақыт зымырып тез өтеді. Көзді ашып-жұмғанша орда бұзар 30-дан асқанымызды сезбей қаламыз. Ғалымдардың пікірінше 35 жастан кейін адам ағзалары әлсіреп, күш-қуаты ақырындап кеми бермек. Түрлі ауру-сырқаудың бой көтеретін сәті де сол тұс.

Ал 40-тан асқаннан кейін жастайынан денсаулық жайын ойламаған пенделер түрлі дерттерге шалдығып, енді ауру оның айнымас серігіне айналып алады. 50-ден кейін адам тәні онан сайын Прочитать остальную часть записи »

Байлық басты мақсат емес десек те…

Кеңес заманында ақшаның да, байлықтың да еш қадір-қасиеті болған жоқ. Ол кезде ақшаға көп нәрсені сатып алуға болмайтын. Қазір ақшаға бәрін алуға болады. Сондықтан ба, бүгінгі адамдардың мінез-құлқы да кеңес заманындағы адамдардан басқаша. Ақша үшін арын, тәнін сататындар шықты. Тіпті, газеттерде өздерінің бүйректері мен бауырларын ақшаға сатамыз деген жарнамаларды да оқыдық. Осыған орай, қазіргі пенделер үшін байлық бақытқа жеткізер басты қадам деген түсінік орын алғандай.

Мақсатқа қалай жетуге болады?

Бүгінде бай-бақуатты болуды армандамайтын адам жоқ шығар. Бірақ та, байлық екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Рас, нарыққа алғаш көшкен жылдары кездейсоқ байығандар және қолындағы биліктерін пайдаланып, қазына мүлкін ұрлау арқылы дәулетті атанғандар шықты. Дегенмен, қазір ондай жолмен байлыққа жету қиын. «Секрет» бестселлерінің авторы үйсіз қаңғыбастан миллионерге айналған Джо Виталенің айтуынша, мақсатқа жетудің құпиясы бар және Прочитать остальную часть записи »

Қанағатшыл адам қайғысыз өмір кешеді

Қазақта «қанағат қарын тойғызады, қанағатсыз кедейдің жалғыз атын сойғызады» деген мақал бар. Қанағатшыл адам екі дүниенің де игілігіне кенелмек. Өкінішке орай, бүгінде осы тамаша қасиетті бойына сіңірген адам аз.
2008-2009 жылдары орын ғалған әлемдік қаржы дағдарысының басты себебі – адамдардың еш тойымды білмейтін ашкөздігі екендігін сол тұста мүйізі қарағайдай қаржыгер-экономист ғалымдар мойындады. Осы қаржы дағдарысының салдары Батыс елдерінде әлі күнге дейцін жойылмай отыр.

Қанағатсыз адам «болдым, тойдым» деп ешқашанда айтпайды.

Орыстың ұлы ақыны Пушкиннің алтын балық туралы ертегісі есіңізде ме. Ертегінің екі кейіпкері — кемпір мен шалдың бойында екі түрлі қасиет – қанағатшылдық пен ашкөздік қалыптасқан. «Не тілейсің, барлық тілегіңді орындаймын» деген алтын балықтан ештеңе сұрамай, кеңпейілдікпен босатып жіберген балықшы шал Жаратқанның бергенін қанағат тұтып, бейбіт тірлік кешеді.

Бойын ашкөздік билеген кемпірі керісінше алтын балықтан астаудан бастап үй, дворяндық дәреже, княздық дәреже мен байлық сұрап, содан кейін барша әлемнің әміршісі болуды аңсайды. Прочитать остальную часть записи »

Гейлерді қылмысқа тарту оған тосқауыл қоя ма?

гей1ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Самайылов бүгінде Астана, Алматы қалаларында жұмыс жасап жатқан гейлер клубтарын жауып, бір жыныс өкілдерінің жыныстық қатынасқа баруын қылмыс деп тану туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, оның бұл ұсынысының өтпеуіне еліміздің заңдарында гейлерді қылмысқа тарту баптары қарастырылмағандығы себеп болған көрінеді. Депутаттың мұндай азғындықтың жыл өткен сайын елімізде белең алып бара жатуына алаңдаушылық танытуын түсінуге болады. Бұл жалғыз депутаттың ғана емес, барша өркениетті адамдардың көкейінде жүрген өзекті мәселе.

Белең алған азғындықты қылмысқа тарту арқылы тыю мүмкін емес.

Егер қылмыстық мәліметтерге назар аударып қарайтын болсақ, жыл санап қылмыс деңгейінің өсіп бара жатқанын бағамдаймыз. Бұрын ересек адамдар қылмыс жасаса, енді оған жасөспірім балалар мен әйелдер де қосылды. Яғни, мұның астарында қылмыстық жауапқа тарту арқылы жаман әдетті Прочитать остальную часть записи »

Ғылым және әулиелердің кереметі

исламДін дегенді көп адамдар өмірден, ғылымнан аулақ этикалық нормалардың жиынтығы сияқты нәрсе деп санайды. Барлық дәстүрлі діндерде жаман әдеттен аулақ болып, жақсы істер істеу жайы айтылады. Мәселен, ислам дінінде зина жасама, арам тамақ жеме, өтірік-өсектен аулақ бол дене тәрізді тиымдармен бірге, қайрымдылық, жомарттық, кішіпейілдік, шыншылдық сияқты жақсы қасиеттерді бойға сіңіру керектігі тұжырымдалады.

Дін барлық ғылым-білімнің қайнар көзі.

Шындығында дін – барлық ғылым-білімнің қайнар көзі және бастау негізі. Альберт Эйнштеин сияқты ұлы ғалымдардың өзі Құранның аяттарын оқып, ондағы ақиқаттың ғылыми түсінікпен негізделгенін мойынадғаны осыны айғақтайды. Яғни, дін дегеніміз тек жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуді насихаттайтын идеологиялық құрал емес, барша ғылымның қайнар көзі десек, ақиқаты осы болады.
Дін ілімін жетік меңгерген мұсылман ғұламаларының ақылға сиымсыз небір керемет істер жасайтындығы жайлы ел арасында сақталған әңгімелер аз емес. Сондай ғұламалардың бірі Хазіреті Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика